«№6 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы

Тарихы терең, тағылымы мол білім ордасына №6 жалпы орта мектебіне 75 жыл. 75 жыл – бұл дүние тарихы үшін қысқа мерзім, ал білім ордасы үшін – тарихтың бір бөлігі. 1949 жылы «№6 бастауыш орыс мектебі» іргетасы қаланды. Алғашқы директоры – Закутный Александр Ефимович. 1953 жылы бастауыш мектептен 7 жылдық мектеп болып өзгертілді. 1963 жылы 7 жылдық мектептен 8 жылдық мектеп болып қайта құрылады. Орталау мектеп болса да, бала саны 500-ге жетті. Әр сыныпта 45 баладан болды. 1973 жылдан бастап мектепті Шпилькин И.П. басқарды. Бірнее жыл қатарынан орталау мектеп бітірген түлектерді ұшырады. 1978 жылы И.П. Шпилькин пенсияға кетуіне байланысты мектеп директоры болып Горбочева Иннеса Николаевна тағайындалды. 1981 жылы алғаш рет орыс мектебі жанынан бастауыш қазақ сыныптары ашылды. Тұңғыш 1 қазақ сыныбында 24 бала дәріс алды. 1992-1993 оқу жылындағы №6 орыс метебі аралас орталау мектеп болып өзгертілді. 1996-1997 оқу жылында И.Н.Горбочеваның пенсияға кетуіне байланысты мектеп директоры болып С.А.Ахтаев тағайындалды және осы жылы орталау қазақ мектебінің тұңғыш түлектері ұшырылды. 1997 жылы орта мектеп статусын алды. 1999 жылы орта мектептің тұңғыш түлектері Жаманқұлова Ақбөпенің сынып жетекшілігімен мектеп қабырғасынан ұшып шықты. 1999-2000 оқу жылы С.Ахтаевтың басқа мектепке ауысуына байланысты мектепке 1995 жылдан оқу ісінің орынбасары болып қызмет атқархан Қ.Ижанова мектеп директоры болып тағайындалды.2007- 2008 оқу жылынан бастап Қ.Ижанованың басқа мектепке ауысуына байланысты Қ.Мадияров мектеп директоры болып тағайындалды. 2011-
мектеп-лицейдің 4500-ден астам түлегі
олардың ішінде: ғалымдар, ұйымдардың басшылары
және мекемелер, бизнесмендер мен танымал музыканттар.
