«№6 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы

Тарихы терең, тағылымы мол білім ордасына №6 жалпы орта мектебіне 75 жыл. 75 жыл – бұл дүние тарихы үшін қысқа мерзім, ал білім ордасы үшін – тарихтың бір бөлігі. 1949 жылы «№6 бастауыш орыс мектебі» іргетасы қаланды. Алғашқы директоры – Закутный Александр Ефимович. 1953 жылы бастауыш мектептен 7 жылдық мектеп болып өзгертілді. 1963 жылы 7 жылдық мектептен 8 жылдық мектеп болып қайта құрылады. Орталау мектеп болса да, бала саны 500-ге жетті. Әр сыныпта 45 баладан болды. 1973 жылдан бастап мектепті Шпилькин И.П. басқарды. Бірнее жыл қатарынан орталау мектеп бітірген түлектерді ұшырады. 1978 жылы И.П. Шпилькин пенсияға кетуіне байланысты мектеп директоры болып Горбочева Иннеса Николаевна тағайындалды. 1981 жылы алғаш рет орыс мектебі жанынан бастауыш қазақ сыныптары ашылды. Тұңғыш 1 қазақ сыныбында 24 бала дәріс алды. 1992-1993 оқу жылындағы №6 орыс метебі аралас орталау мектеп болып өзгертілді. 1996-1997 оқу жылында И.Н.Горбочеваның пенсияға кетуіне байланысты мектеп директоры болып С.А.Ахтаев тағайындалды және осы жылы орталау қазақ мектебінің тұңғыш түлектері ұшырылды. 1997 жылы орта мектеп статусын алды. 1999 жылы орта мектептің тұңғыш түлектері Жаманқұлова Ақбөпенің сынып жетекшілігімен мектеп қабырғасынан ұшып шықты. 1999-2000 оқу жылы С.Ахтаевтың басқа мектепке ауысуына байланысты мектепке 1995 жылдан оқу ісінің орынбасары болып қызмет атқархан Қ.Ижанова мектеп директоры болып тағайындалды.2007- 2008 оқу жылынан бастап Қ.Ижанованың басқа мектепке ауысуына байланысты Қ.Мадияров мектеп директоры болып тағайындалды. 2011-
2012 оқу жылынан бастап Қ.Мадияров Момынай мектебіне ауысуына байланысты мектеп директоры Ғ.Мырзалы болып тағайындалды.2021-2022 оқу жылынан бастап, Ғ.Мырзалы №2 Ш.Уәлиханов атындағы мектебіне ауысуына байланысты 2022 жылдың 11 сәуірінен бастап Ж.М.Маймакова мектеп директоры қызметін атқарып келеді.

Қазіргі таңда мектепте 332/29 оқушы бар. Мектеп ұжымында 51 мұғалім бар. Мектептің ақпараттық ресурстарына тоқталсақ, мектепте компьютер сыныбы және мультимедиялық сынып бар. Кабинеттер интернет желісіне қосылған. Мектептің педагогикалық ұжымы ақпараттық техналогияларды белсене меңгеріп, оқу-тәрбие үрдісінде қолдануда. Мектепете өзіне сай жабдықталған шеберхана, кітапхана, асхана, АКТ залы бар. Өнер, спорт салалары бойынша түрлі ақысыз үйірмелер жұмыс жасауда. «Алғашқы әскери дайындық» пәні оқытылуда. Әскери-патриоттық тәрбие беруде мұғалімнің атқаратын рөлі өте маңызды.
Болашақ білімді де білікті азаматтарды дайындау мектептің басты міндеті. Халыққа елеулі еңбек етіп, оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беру әр уақытта мектептің басты мақсаты.
Мектеп миссиясы:
Функционалдық сауаттылықты меңгерген, командалық ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыланған, көшбасшылық құндылықтарды игерген азаматтарды тәрбиелеп шығару.
Мектептің болашаққа бағдары:
Мектеп – болашақта жас жеткіншектерге ұлттық құндылықтар мен білім берудегі құндылықтарды ұштастырып, тәрбие мен білім беретін инновациялық білім беру ұйымына айналады.

Материалдық-техникалық жарақтандыру
Мектеп 2 ауысымда жұмыс істейді. Мектеп ғимараты типтік, 200 орынға арналған, 2023 жылы пайдалануға берілген. Мектепте 17 сынып бөлмесі бар, сонымен бірге заман талабына сай жабдықталған 1 химия кабинеті, 2 информатика кабинеті, 1 биология, 1 лингафон және 1 физика кабинеттері бар. Мектепте 1 спорт зал, 50 оқушыға арналған асхана, 1 кітапхана оқу залымен, 1 ұлдар шеберханасы және қыздарға арналған 1 тігін шеберханасы бар. Мектептің жалпы алаңы 1,39531 га пайдалы алаңы 4492,34 м2, онда 1 футбол алаңы, 1 волейбол алаңы, 1баскетбол алаңы, алғашқы әскери дайындық алаңы және бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын алаңшалары орналасқан.
Мектеп асханасындағы 261,24 кв2 шаршы метр тұрғын емес жай, мектептегі аз қамтамасыз етілген отбасы балдарын бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкер тамақтандыру объектісі жалға берілгендіктен жалға алушылар туралы мәлімет "Асель" Өндірістік кооперативі, БСН 9403400002 Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Қ.Дүйсемұратұлы көшесі, № 116А, Басшы Арыстанбекова Сайлау Абдукаримовна 87017163564. жалға берілген.
Мектеп ғимараты электроэнергия, кәріз су және автономды жылу жүйелерімен жабдықталған. Мектептің материалдық-техникалық базасы заман сай келеді. Мектепте 16 интерактивті тақта, 38 компьютер, 13 ноутбукбар. Жылдам интернет желісі Транстелеком 20 Мбайт/с. Оқушылардың білім алуы және мұғалімдердің жұмысістеуі үшін жағдайлар жасалған.
Мектепте 27,74 кв2 шаршы метрде екі бөлмелі медициналық қызмет көрсететін кабинет бар. Медициналық кабинеттер қажетті медициналық құралдармен жабдықталған.
Мектепте 21 бейнебақылау жүйесі орнатылған, стандартқа қойылатын талаптар 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 және ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы №49 бұйрықтарға сәйкестендіру мақсатында ғимараттың сыртын жарықтандыру және қосымша бейнебақылау камераларын орнатуға сұраныс берілді. Мектеп ауласына 2 дана прожекторлар орнатылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін кіру жолдары тұтқаларымен пандус, көру қабілеті нашар адамдарға арналған тактильді жол төсемі, дабыл батырмасы, түтін хабарлағыш орнатылған.
Мектепте 261,24 кв2 шаршы метр алаңда 50 бала тамақтанатын асхана бар. Асхана қажетті бөлмелермен (кухня, ыдыс жуу бөлмелері, көкөніс сақтайтын бөлмелермен) және ас пісіруге қажетті заттармен жабдықталған.
Мектепте санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды 18.03.2024 жылғы
№KZ21VWF00146444 берілді.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді. Ғимаратта осы қағидаларға сәйкес келтірілген эвакуациялау жоспары әзірленді. Эвакуациялау жоспарлары адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды жүргізу, өртке қарсы қызметті шақыру және өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша ұйым жұмыскерлерінің іс -қимыл жасау тәртібі, іс -шарасы бар. Эвакуациялау жоспарлары ғимараттың әр қабатында, эвакуациялық шығу жолдарында дәліздің ұзындығы бойымен 20 метрден аспайтын қашықтықта ілінді.